Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті
Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті.
Процесс ашық режимде өтті.
БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке зал ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы Соттың YouTube арнасында барлығына көрсетілді. Бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланды.
Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.